Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

Ыбрай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде өмірге келген. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып келген соң, ол ел арасындағы белгілі би Балқожа деген атасының қолында тәрбиеленді. Алтынсарин өзі оқып қызмет істеген жылдары Орынбор, Қазақ, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығыс-ты зерттеуші ғалымдар В.В. Григорьев, Н.И. Ильминский, В.В. Катаринский. А. Алекторов, А.А. Мазохин, уездік қыз-меткерлер Яковлев, Караулов, Плотников, тағы басқа-лармен тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады.

Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш.Маржани, Қ. Насыри, С. Кукләшев әсіресе Петербург университетінің оқытушысы, Ш.Уәлихановтың досы, белгілі татар ағату-шысы Хұсаин Фаизхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып тұрады.

Оқу-ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да Ы.Алтынсаринге көп көмегі тиген.

Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола бермеген. Кейбір күрделі, принципті мәселелер жөнінде Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері аз болмаған. Мәселен, ол Н.И. Ильминский, А. Алекторов, А. Бессонов т. б. миссионерлік әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған.

 

Алтынсариннің қызметі мен өмірі туралы даталар:

 

 Қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық-ағарту саласында көп еңбек сіңірген қазақтың тұңғыш тамаша педагогі, ағартушысы, демократ - ғалымы, ақын әрі жазушысы Ы. Алтынсарин 1889 жылы 17 июль күні Қостанай қаласынан үш шақырым жерде, Тобыл өзенінің иіні «Инспектор» көлі жағасында салдырған өз үйінде, қырық сегіз жасында қайтыс болады.

Алтынсариннің өз өміріне келетін болсақ, Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда) Перов уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаным атты қызына үйленген. Одан Абдолла, Әбдірахман деген 2 ұл, Шарипа атты 1 қызы болды. Әбдірахман мен Шарипа жас кезінде ауырып қайтыс болған. Әкесінен 8 жасында қалған Абдолла ұзақ уақыт оқи алмай, шаруашылықпен айналысады. Абдолланың Нағима атты қызы – Ы.Алтынсариннің жалғыз немере қызы болған.

 Нағима Ыбыраева 1916 жылы Қостанай облысы, Талапкер аулында дүниеге келді. Ол атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл оқиды. 11 жасында анадан айырылады.

 1920 – 1930 жылдардағы дүрбелеңнен Ы.Алтынсарин-нің ұрпақтары да байдың тұқымдары ретінде қуғындалған. 1928 жылы Нағиманың әкесі Абдолла да кәмпескеге ұшы-рап, Қазақстаннан тыс жерге қоныс аударған. Ол Қырғызстанның Тоқмақ қаласында тұрды. Абдолланың өкпесіне суық тиіп, ауырып қайтыс болған. Жамбыл облы-сы, Қордайдағы зиратқа жерленген.

 Қырғызстанда Ыбыраева Нағима тұрмысқа шығып, күйеуі соғыста қаза табады. Бірнеше жылдан соң, Нағима Б. Амангелдиевке қосылып, екі баланы дүниеге әкеледі: Жұмакүл, Дулат.

 1959 жылы ол Қырғыз елінен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, «Жамбыл» атындағы совхозға көшіп келеді. Өмірінің соңғы жылдарын Тараз қаласында өткізді.

 1998 жылы 30 наурыз күні 82 жасында қайтыс болады.

Справочник Шымкента,