Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы


    

Әлемді кітап арқылы танимын ең көп оқитын

оқырмандар арасында өтетін

«Руханиятымыздың алып бәйтеректері»

атты облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

       Әлемді кітап арқылы танимын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқау 2019 жылдың қазан айында Түркістан облыстық  Ы.Алтынсарин  атындағы балалар кітапханасында өтеді.

І.Байқаудың мақсаты

     Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдаррухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, оқырмандарға кеңінен насихаттау, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ оқырмандарды  кітапты құрметтей білуге баулу, кітапқа деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру. Ең көп оқитын оқырмандарды анықтау және оларға қолдау көрсету.

     2019 жылы  Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туылғандарына  - 125 жыл толуына орай және балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туылғанына  -95 жыл толуына орай оқырмандарды қазақтың ақынжазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, кітап оқуға тәрбиелеу.

2.Байқаудың талаптары мен  шарттары

   Байқауға ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық кітапханаларының оқырманы болып табылатын 7-10 жасқа дейінгі, 11-15 жасқа дейінгі барлық оқырмандар қатыса алады. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай 2 кезеңнен тұрады.

 Сарапшылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударатын болады.

       Байқау 2 кезеңде өткізіледі.

Қатысушылар төмендегі талаптар бойынша сайысқа түседі.

І кезең «Әр оқырман-бір әлем»

- С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармалары бойынша қатысушы (11-15 жас аралығындағы оқырмандар үшін) үміткерлер қысқаша буктрейлер жасау - 3минут;

- Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан үзінді оқу, көрініс көрсету (7-10 жас аралығындағы оқырмандар үшін)-3 минут;

ІІ кезең «Book bingo»

         Байқауға әрбір қалалық, аудандық, аймақтық, облыстық балалар кітапханаларының оқырмандары қатыса алады.

3. Жеңімпаздарды марапаттау

         Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, ең көп оқитын оқырмандар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Бас жүлде – (екеу);

І орын – (екеу);

ІІ орын – (екеу)

ІІІ орын – (екеу);

Ынталандыру сыйлықтары – (төртеу).

        

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

         Барлық құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы,

әл – Фараби алаңы,1а, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы. Байланыс телефоны: 8(7252) 55- 11- 02, 21-29-08.

         Электронды пошта: ukodb@mail.ru 

4.Байқауды  ұйымдастырушылар

  1. Түркістан  облыстық мәдениет  және тілдерді
  2.  Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

 

 

 

Справочник Шымкента,