Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

  Үздік формуляр иегері» жобасы   

Жобаның ұраны: Кітап оқу – заман талабы, кітап оқу-мәртебе!

     «Үздік формуляр иегері» жобасы кітапхана оқырмандары арасында өтеді. Жоба қорытындысы бойынша жылына екі рет (жарты жылда және жылдың соңында)  кітапты көп оқыған жеңімпаздар анықталады.

       Жобаның мақсаты:

       Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, кітапханаға  оқырмандардың қаншалықты келетінін анықтау. 

      

      Жоба міндеттері:

1. Кітапхана оқырмандарын кітап оқуға тарту.

2.  Кітапхананың, кітап пен кітап оқудың беделін көтеру.

3. Үздік оқырмандарды, яғни «Кітап оқу лидерін» анықтап, оларды марапаттау.

4. Оқырмандардың шығармашылығын жетілдіру.

5. Кітапхана оқырмандары арасында «Оқырман - оқушының» тартымды, заманауи бейнесін (образын) қалыптастыру.

6. «Үздік формуляр иегері» сайысын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыру.

    

      Тақырыптың өзектілігі:. Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы – кітап екенін оқырмандарға кеңінен насихаттау.Еліміздің болашақ азаматтары мен азаматшалары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңылықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқуымыз керек. Осыған орай, біз 2016 жылы кітапхананың білімді де, талантты «Үздік формуляр иегерін» анықтап, басқа оқырмандарға үлгі ретінде көрсетпекпіз.

     Кітапханаға оқырмандар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген ісшаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.Оқырманға басшылық жасаудың бір әдісі-оқырман формуляры. Бұған оқырманның алған кітаптарының бәрі, сол сияқты кітапханашының ескертулері де жазылады. Сондықтан да үздік формуяр иегерін анықтап, әр жартыжылдықта марапаттау отыру жоспарланып отыр.

 

          Негіздеме: ХХІ ғасыр-білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, іздемпаз жастар ұлтымыз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, кітапханамызды еліміздің болашағы, жастардың ғылым, білім алатын орталығына айналдыру.

    Жобаны жүзеге асырушы:

      Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері.

    

     Жобаны іске асыру: «Үздік формуляр иегерін» анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Жеңімпаздар жылына екі рет анықталып, марапатталады. «Үздік формуляр иегері»  туралы ақпарат БАҚ беттерінде және кітапхананың сайтында жарияланады.

 

     Жобаны іске асыру мерзімі: 2016 жыл.

 

     Күтілетін нәтижелер:

Кітапты көп оқитын, кітап қадірін білетін оқырмандар санын көбейту;

Кітапхананың мәртебесі мен имиджін көтеру;

Балаларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру;

Жасөспірім ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеу, ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, білім мен кітапқа деген құштарлықтарын арттыру. 

Справочник Шымкента,