Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Ең үздік әдістемелік көмекші құрал»

жобасы

 

Мақсаттары мен міндеттері 

1. Кітапханашылардың кәсіби беделін арттыру. 

2. Кітапханашылардың тәжірибесі мен шеберлігін әріптестеріне таратқысы келетін шығармашыл әдіскерлерді анықтау.

3. Кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін, инновациялық іс-әрекетін белсендіру.

4. Тәжірибеге жаңа кітапханалық ойларды, технологияларды және жұмыс түрлерін енгізу.

5. Біліктілікті жоғарылату және оқудың өздігінен білім алу түріне көмекке әдістемелік құралдар қорын және кітапхана қызметінің барлық бағыттары бойынша ұсынымдар қалыптастыру.

 

Негізгі бағыттары: оқырмандардың қызығушылық-тары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапхана-лық қызмет көрсетуді жетілдіру; біріңғай ақпараттық кеңістік жасау; пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге қол жеткізуіне, мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету.

 

 

Өткізу тәртібі

1. Жобаға қатысу үшін материалдарды тапсыру - 20 қазанға дейін;

2. Сараптама жұмысы - 28 қазанға дейін;

3. Қорытындылау - 25 қараша.

4. Жоба қорытындысы кітапхана сайтына жіберіледі.

 

Қойылатын талаптар 
1. Жобаға  келесі әдістемелік материалдар қабылданады:

-  әдістемелік-библиографиялық құралдар;

-  әдістемелік құрал;


2. Жоба жұмыстарын бағалау :

-  тақырыбы мен талаптарына сәйкестігі;

-  әдістемелік әзірлеменің көмекші құралдың өзектілігі;

-  жаңашыл-кітапханашының кәсіби құзыреттілігі үшін тәжірибелі  маңыздылығы;

-  инновациялық және дәстүрлі жұмыс барысында кәсіби шеберлік таныту және тиімді үйлесімділігі;

- әдістемелік құралда қолданылатын әдіс-тәсілдердің  нақты жазылуы.

 

Күтілетін нәтижелер:

- Кітапханада үздіксіз кітапханалық білім беру инфрақұрылымын құру;

 

- Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің жоғарылауы;

 

- Кітапхананың қоры білімнің барлық салалары бойынша шыққан қажет деген баспа жұмыстарымен толықтыру.

 

 

Ұйымдастырушы:

«ОҚО Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Қатысушылар:

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бөлімдері.

Справочник Шымкента,