2019-05-03
Ұрпаққа ұран болған Әлия
3 мамыр күні кітапханада қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына орай, «Ұрпаққа ұран болған Әлия» атты тарихи әңгіме өткізілді. Отансүйгіштік, патриоттық тәрбие бағыты бойынша ұйымдастырылған іс-шара № 25 Т. Рысқұлов
мектеп-гимназиясы және № 40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Оқырмандарға Шығыстың қос шынары Кеңес Одағының Батыры, мерген, ефрейтор Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың және Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың өмір жолдары жайлы бейне ролик көрсетіліп, «Шығыстың қос шынары» атты әдеби композиция орындалды. Сондай ақ «Алия мен анасының арасындағы карым – қатынас» атты сахналандырылған қойылым көрсетілді. Шара соңында оқырмандар бөлімге келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырылды.