Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-03

Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 3 мамыр – Кеңес Одағының Батыры, мерген, ефрейтор Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың туылғанына – 95 жыл толуына орай «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты әдеби-монтаж, сахналық көрініс өтті. Шараға Т.Рысқұлов атындағы №25, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназияларының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқырман бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында қазақтың батыр қызы Әлияның ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, Отанын сүйетін адал азамат болуға баулу. Шара барысында кітапханашы А.Сабденкулова Отан үшін ерлік көрсеткен батырларымызды, қайраткерлерімізді ешқашан ұмытпау қажеттігін, олардың еңбегі, ерлігі болашақ ұрпаққа жылдар, ғасырлар бойы үлгі-өнеге болып қала беретіні жайында кіріспе сөз сөйлеп, «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты кеш қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналатынын айтып өтті. Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының оқушылары соғыс кезінде Әлияның бір топ жастарға тапсырма беріп жатқаны жайында көрініс көрсетіп, «Әлия» әнін орындады. Әрі қарай кезек Әлия Молдағұлованың Отан үшін жасаған ерлігіне арналған әдеби композицияға беріліп, қазақтың батыр қызы Әлияның өміржолына тарихи шолу жасалды. Кеш соңында іс-шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

Справочник Шымкента,