Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-06

Ел тыныштығы берік қолда

Кітапханада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел тыныштығы берік қолда» атты ерлік сағаты өтті. Шараға №66

«Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектептің 4 «д» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды, оқырмандар Отан қорғаушылар күні туралы тарихымен танысты. Әдеби композиция орындап, «Сарбаздар» әнін айтты. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Үнді биін» биледі. Шара соңында сынып жетекшісіне кітапхана атынан «Алғыс хат» табысталды.

Справочник Шымкента,