Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-08

Майданда туған жырлар

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Шымкент қаласының «Экологиялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған жырлардан «Майданда туған жырлар» атты сайыс өтті. Сайысқа №78 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары, Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы орта білім мектебінің оқушылары, Мукими атындағы №13 жалпы орта беретін мектебінің оқушылары, №91 жалпы орта білім беретін мектебінің және Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.

Мақсаты: Жастарға қазақ елінің тарихын насихаттау, патриоттық тәрбие беру, жастардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын ашу, дамыту және қолдау. Сайыс барысында көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келіп отырған осынау ұмытылмас 1945 жылдың 9 мамырында ұлан-ғайыр даламыз небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткергені, ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі –Ұлы Отан соғысындағы жеңісі жайында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай кітапханашылар А.Сабденкулова мен М.Джайлыбаева кіріспе сөз сөйлеп, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Жыр сайысына қатысушыларды, сайыс шартымен, қатысушыларымыздың еңбегін саралап, білімін бағалайтын сарапшылармен, таныстырып өтті. Шара жалғасын тауып, отты жылдар әндерінен жыр сайысының бірінші «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты бөлімінде оқушылар ақын-жазушылардың Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдерін оқыды, ал екінші «Әнді сүйсең менше сүй» бөлімінде патриоттық әндер орындады, үшінші «Майдан лирикалары» атты бөлімінде монолог оқыса, төртінші бөлім «Бәйгеде» викториналық сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында сарапшылар алқасы қорытынды шығарып болғанша №49 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «в» сынып оқушысы Ізтай Нұртілеу «Жеңіс күні» әнін орындады. «Майданда туған жырлар» атты Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған жырлардан сайысқа белсене қатысқан Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары «Ең үздік мәнерлеп оқушы», Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары «Ең үздік патриоттық әндер орындаушы», №78 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары «Ең үздік монологшы», №91 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары «Ең білімпаз оқырман» номинациялары бойынша дипломмен марапатталды.

Справочник Шымкента,