Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-08

Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты ерлік сабағы №19 Ө.Жәнібеков атындағы 6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Әрбір оқушыны еліміздің көк байрағын құрметтеуге, қорғауға, елімізге деген мақтаныш сезімі болуына тәрбиелеу. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Шара барысында белсенді оқырмандарымыз «Әскер – ел қорғаны» атты әдеби композиция, «Жасұлан» сөзжұмбағының шешуін тауып, «Әдемі-ай» тобының орындауында «Сапқа тұр майдангер» атты хор айтылып, «Ана», «Мен қазақпын» патриоттық әндерін орындап, «Өзбек», «Катюша» биілерін биледі. Сонымен қатар «Егеменді ел қорғаны - қарулы күштер» тақырыбында бейнебаянын тамашалап, «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты кітап көрмесімен танысты. Шараға қатысқан оқырман саны-28

Справочник Шымкента,