Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-16

Дүлей ақын, дүлей жыр

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Түркістан облысының тумасы қазақтың халық ақыны Молда Мұса Байзақұлының туылғанына - 170 жыл толуына орай «Дүлей ақын, дүлей жыр» атты шешендік өнер сайысы №15

Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейінің және №29 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің 8,9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Оқырмандарды қазақтың халық ақыны Молда Мұса Байзақұлының өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру, шешендік өнер арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында «Кітап сүйгіштер» және «Кітап құмарлар» атты екі топтан құрылған шешендік өнер сайысы өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. І кезеңде қатысушылар «Ақынның өмірі туралы», яғни қатысушы екі топ ақын өмірімен таныстырды. ІІ кезеңде «Сырым қызға өлеңі», «Табиғат тамшылары», «Сүйгенімді сағындым» атты ақынның өлеңдері жатқа айтылды. ІІІ кезеңде «Қайырымды қыз бен қайыршы», «Түзу терек» Молда Мұса Байзақұлының шешендік өнерінен көрініс көрсетілді. Шара соңында «Кітап сүйгіштер» тобы жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. Қатысқан оқырмандар саны – 52

Справочник Шымкента,