Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-22

Өлкеміздің өр азаматы

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстандық жазушы Қарауылбек Қазиевтің туылғанына 80 жыл толуына байланысты «Иманжапырақ» прозасының таңдалуына орай «Өлкеміздің өр азаматы» атты танымдық сағат

Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Оқырмандарды «Бір өлке -бір кітап» акциясы аясында Қарауылбек Қазиевтің шығармашылығындағы кітаптарын өлке болып оқуға шақыру, жазушы жайлы оқырмандарға мәлімет беру, «Иманжапырақ» әңгімесін оқу арқылы идеясын ұғындыру, татулыққа, ізденімпаздыққа, туған жерді сүйіп, құрметтеуге баулу мақсатында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетіліп, жазушының кітаптарынан «Табиғат жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара барысында белсенді оқырмандарымыз Қарауылбек Қазиевтің «Иманжапырақ» әңгімесінің мазмұнын талқылап, көрініс көрсетті. Сондай-ақ, оқырмандарымыз жазушы жайлы сұрақтарға белсенді жауап беріп, қазақтың ұлттық әндерін шырқады. Шара соңында белсенді оқырмандарымыз алғыс хаттарымен марапатталды. Қатысқан оқырмандар саны- 48

Справочник Шымкента,