Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-06-04

Менің сүйікті ойыншықтарым

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің сүйікті ойыншықтарым» атты психоло- гиялық тренинг №17 Достық коррекциялық балабақша оқырмандарымен өткізілді. Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен және көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқырмандардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында сұрақтар қою арқылы кітапханашы оқырмандарды әңгімеге тартты. Сонымен қатар, түстерді ажырата білуге баули отырып боямақтар бояуға үйретті. Шара соңында оқырмандар Сақ киностудиясының «Қазақтың мақтанышы», «Қошқар мен Теке» атты мультфилмдерін тамашалады.

Справочник Шымкента,