Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-06-04

Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі

Шымкент қаласының «Экологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты заң сағаты өтті. Заң сағатына экологиялық орталықтың «Жасыл әлем-2019» жазғы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілері қатысты. Заң сағатын өткізудегі мақсат – балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі әрбір жетістігі, оның беделінің артуы Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен хабарланып, біздің көк туымыз бұлтсыз аспан астында желбіресе, Елтаңбамыз ел төрінде жарқырай түспек. Шара барысында кітапханашы А.Сабденкулова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Бүгінгі күні мемлекеттік рәміздерді насихаттап, қолдану жұмыстары өскелең ұрпақты патриоттық және Отан алдындағы жауапкершілік рухта тәрбиелеудегі басты рөлге ие екендігі баршамызға мәлім. Осы орайда «Жасыл әлем-2019» жазғы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілеріне кітапханашылар Г.Тургунбаева, Ә.Көпбай «Адасқан әріптер» атты логикалық, аспанымыз бұлтсыз, күніміз нұрын шашып жарқырап тұрсын деген мақсатта «Әрқашан күн сөнбесін» атты ойындар ойнатып, рәміздер күніне байланысты викториналық сұрақтар қойды. Ойындар мен викториналық сұрақтарға «Жасыл әлем-2019» жазғы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілері белсене қатысты. Шара соңында кітапханашы М.Джайлыбаева «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Отан мәңгі гүлденеді демекші, тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз мәңгі болсын! Тәуелсіздігіміздің нышаны қазақ елінде тұратын және жетістіктермен әлемге әйгілі бола берейік. Өз Отанымыздың мәртебесін ешқашан төмен түсірмей, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбатты, туымыз көк аспанда асқақтай берсін.

Справочник Шымкента,