Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-08-28

Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №15 «Жадыра» бөбекжай балабақшасында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» атты тақырыптық кеш өтті. Мақсаты: Балаларға адам құқықтары, Ата Заңымыз туралы түсінік беру, өз міндеттері мен құқықтарын қорғай білуге үйрету, Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тақырыптық кеш барысында Әнұран орындалып, кітапханашы А.Сабденкулова барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрам 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне байланысты құқық туралы әңгіме қозғады. Шара жалғасын тауып балалар шеңберге тұрып, «Киіз үй» қимылды ойынын ойнады. Сонымен қатар Ата Заңымызға байланысты өлең шумақтарын айтты. «Bala Land» бала-бақшасының бүлдіршіні Оңласбек Дидар «Көк тудың желбірегені» және «Мен қазақпын» әндерін тамылжыта орындады. Балалар Конституция күніне байланысты келген хаттарға жауап беріп, хаттағы гүл күлтешелерінен гүл шоғын жасады. Тақырыптық кеш соңында балалар «Көк ту және достар» атты мультфильм тамашалады.

Справочник Шымкента,