Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-02

Білімім – бұлағым

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 1 қыркүйек – Білім күніне күніне орай «Білімім – бұлағым» атты ашық есік күні өтті.

Мақсаты: 1 қыркүйек – Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Балалардың сахналық мәдениетін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Білім күні мерекесін салтанатты түрде ашу үшін Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы директорының у.м.а. Ақбөпе Сағынтайқызына алғашқы сөз кезегі берілді. Кітапханашылар балаларды білім күнімен құттықтай отырып, кітап оқуға шақыру мақсатында флешмоб биледі. Сурет әлемінен келген суретші «Өз түсіңді тап», сонымен қатар ертегілер елінен келген аю мен Маша «Жұбыңды тап» ойындарын ойнатты. «Bala Land» бала-бақшасының бүлдіршіні Оңласбек Дидар «Мен қазақпын», №49 жалпы орта білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Альназар Жансезім «Қазақтың ерке қызымын» әндерін орындады. Ашық есік күніне белсене қатысқан балаларға сыйлықтар таратылып, алғыс хаттармен марапатталды.

Справочник Шымкента,