Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-13

Діни экстремизмге жол бермеу – баршамыздың міндетіміз

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Дін мәселелері және діни экстремизмге қарсы күрес бағыты аясында «Діни экстремизмге жол бермеу – баршамыздың міндетіміз» атты дебат өтті. Дебатқа дінтанушы, Шымкент қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Айтбаев Икрам Сатыбалдиевич, №16 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологы Жолдас Гүлбағым Нұртазақызы, Шымкент қаласының Дін

мәселелерін зерттеу орталығының бөлімінің маманы Тойшиев Нұртаза және қаламыздағы Ақпан батыр атындағы №10, Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздары мен 9-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға дін туралы, діни экстремизм туралы түсінік беру. Оқушы бойына ислам дінінің бес парызын білуді, имандылықты қалыптастыру. Аллаға сиыну, ұлтын сезіну, дінін танып білу, түсіне білу қабілеттерін дамыту. Жағымды көркем мінезділікке, абзал әдептілікке, елін, тілін, дінін сүюге тәрбиелеу. Еуразия алаңында саяси жағынан дамыған елдердің алдыңғы қатарындағы Қазақстанды әлсірететін жаппай санамызға әсер ететін «экстремизм», оның мағынасы жайында кітапханашы А.Сабденкулова кіріспе сөз сөйледі. Оқушылар дебат тақырыбын толықтыру үшін «Діннен адастырар теріс ағым» бейнебаянын тамашалады. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі, ең әлсіз тұсы дін туралы, оның себептері, алдын алу шаралары, қолданылып жатқан заңдар жайлы Шымкент қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Айтбаев Икрам Сатыбалдиевич ой тастай отырып, оқушылармен пікір алмасты. №16 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологы Жолдас Гүлбағым Нұртазақызы оқушылармен сендіруге арналған «Санаға сапар» атты тест жүргізді. Тест арқылы оқушылардың сену деңгейінің қандай дәрежеде екенін анықтады. Дебат соңында белсене қатысқан қонақтар мен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Справочник Шымкента,