Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-13

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында №23 З. Космедемьянская атындағы мектеп лицейінің 4 «а» сынып оқушыларымен «Шекарасыз кітап» жобасы бойынша

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты үзіліспен оқу сағаты Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасы бойынша өткізілді. Шараның мақсаты: Автордың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, повесть туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту. Шара барысында оқырмандарға Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны жайлы мәліметтер беріліп, оқырмандар повесть жайлы өз ойларын айтып, талқылады. Шара соңында белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар беріліп,оқырмандар кітапханамен таныстырылды. Қатысқан оқырман саны - 25.

Справочник Шымкента,