Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-25

«Аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі»

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабы бойынша «Аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі» атты әдеби сағат өтті. Мақсаты: «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқырмандарға ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқыту,насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, рухани

мұрамызды сақтау, жас ұрпақты патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Оқырмандарды отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында оқырмандарға «Бір ел – бір кітап» видеоролигі көрсетіліп, акцияның тарихымен таныстырылды. Романда түркі дүниесінің тарихында өзгеше орны бар тағы бір ортағасырлық ұлы билеуші Әмір Темір өмірінің үздігімен жүздесеміз. Муза мен сұлулық әлемі бұл жолы көзсіз махаббат кескінінде, көрікті мұнараны көтеріп, соған өзінің күллі жалын сезімін қоса өрген жас жігіттің кейпінде келеді. Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша өз басиесіне деген сезімі мен құрметінің белгісі - ретінде әдемі мұнара тұрғызбақшы болады. Мұнараны салу кезінде сәулетші жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң, мөлтек сыр... ұлы сезімге жалғасады. Шынайы шығыстық үлгідегі сезінуі мен ойлаудың ауаны айдынын кеңейтіп, шығармаға арқау болған аңыздық сарын терең де мағыналы философиялық түйіндерге жетелейді. «Арыстан айға шауып мерт болыпты» деген халық нақылы еске түседі. Өзінің ұлы сезімінің торынан шыға алмаған сәулетші жігіттің өмірі аянышты аяқталатыны жайлы айтылды. Сонымен қатар Қазығұрт №66 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «ә» сынып оқушылары дайындаған жазушы Ә. Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби композиция тыңдалды. Шара соңында белсенді оқырмандарымыз кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Справочник Шымкента,