Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-30

Болашак өз колыңда

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жас кәсіпкер мектебі» клубы аясында «Болашак өз колыңда» атты кәсіпкерлікке бағдар беру кездесу кеші кәсіпкер «Chaplin’s Group» компания желісінің

және «U:projects» әлеуметтік қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы президенті Алимбеков Тоқтар Мұратұлы және Д.И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, кәсіптік бағыт-бағдар беру, ұйымдастырушылық қабілет, кәсіпкерлік туралы ой-өрісін арттыру, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу. Кеш барысында кәсіпкер қонағымыз, оқырмандарға кәсіпкерлік бағыт-бағдар беріп, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, жетістікке жететін белсенді азамат болып өсулеріне шабыт беретін өзекті әңгімелерден өрбітті. Сонымен қатар, «Кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік мол» тақырыбында бейне ролик көрсетіліп, оқырмандармен сұхбат жүргізілді.

Справочник Шымкента,