Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-10-14

«Жемқорлыққа жол бермеу - парыз»

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жемқорлыққа жол бермеу - парыз» атты пікір сайыс К.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектебінің және №52 мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен өткізілді. «Адал» және «Ақиқат» атты екі топтан құрылған пікір сайыс 3 кезеңнен тұрды.

І кезең: «Жемқорлыққа жол жоқ» бейнеролик арқылы (менің көз қарасым), яғни екі топ өз пікірлерін ортаға салды. ІІ кезең: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманы сахналады. ІІІ кезең. Көңіл ашар сәті. «Мағынаны тап» әдісі Нақыл сөздердің мағынасын ажыратып,оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. 1.Ала жіпті аттамағанның абыройы биік. 2.Асылдың бірі-адамда. 3.Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде. 4.Шындық жоқ жерде сұмдық көп. Шара соңында «Ақиқат» тобы жеңімпаз атанып дипломмен марапатталды. Қатысқан оқырмандар саны – 51

Справочник Шымкента,