Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-12-13

Құйынға түскен жас ғұмыр

Оқырмандарға қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туылғанына – 125 жыл толуына орай «Құйынға түскен жас ғұмыр» атты тарихи танымдық сағат №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында оқырмандарға қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылды. Белсенді оқырмандарымыз Тұрар Рысқұловтың өсиеттерінен әдеби компазицияны орындап, елдегі қалыптасқан жағдайды, үкімет тарапынан жіберіліп жатқан өрескел қателіктерді айтып Тұрар Рысқұлов Сталинге 1933 жылдың наурызында жазған хатын Құлтай Айкөркем оқып шығып, Жұлдызбай Ұлпан «Зибаш-ай» патриоттық әнін айтып шықты. Сонымен қатар, «Тұрар Рысқұловқа 125 жыл» атты бейнебаян көрсетіліп, сұрақтар қойылып, жауап алынды. Шара соңында Ибрагимов Дінмұхамедтің орындауында «Жаным қазақ» атты патриоттық әні айтылды. Қатысқан оқырман саны-35.

Справочник Шымкента,