Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-12-18

Мәдениет жанашыры

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында ҚР мәдениет қайраткерi А. Әлиханның – 70 жасқа толуына орай «Мәдениет жанашыры» атты оқырмандармен әңгіме №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты : ҚР мәдениет қайраткерi А. Әлиханның өмірі және шығармашылығымен, еңбектегі табыстарымен таныстыру. Оқырмандардың рухани жандүниесін байыту, мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерді сүюге баулу, кітапханаға кітап оқуға тарту және рухани-эстетикалық тәрбиелеу. Шара барысында А. Әлиханның шығармашылығына арналған «Өмірім – өнер» атты слайд шолу жасалды. Оқырмандар әдеби композиция орындап, ән айтып, сұрақтарға жауап берді.

Справочник Шымкента,