2019-12-23
Көрікті көркем Шымқала
Кітапханада: «Туған жерге туыңды тік», бағыты аясында «Көрікті көркем Шымқала» тақырыбында ойын - саяхат өткізілді. Аталған шараға №60 жалпы орта мектебінің 4 «б» сынып оқушылары қатысты.
Шара мақсаты, оқырмандарды туған өлкесі Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, оның табиғатын, мәдени орындарын бейне ролик арқылы көрсете отырып, білімдерін кеңейту. Ойлау қабілетін жетілдіру, ой-өрісін, сөздік қорын байыту. Шымкент қаласына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін арттыру, еңбексүйгіштікке баулу. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Шымкент қаласы жайында қысқаша мәлімет беріп, «Туған жерім – тұғырым» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды. Сонымен қатар оқырмандар туған жеріміз жайлы тақпақтар мен мақал – мәтелдер айтты. Шара соңында бірнеше ойындар ойнатылып «Түркістан» әнімен мен қорытыланды. Қатысқан оқырман саны – 15.