Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-12-24

Қазақ өнерінің аруы

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында кескіндемеші, театр және кино суретшісі Г. Ысмайлованың туылғанына – 90 жыл толуына орай «Қазақ өнерінің аруы» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға суретші Гүлфайрус Ысмайылованың өмір жолы, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, бейнелеу өнеріне құрмет сезімін қалыптастыру, өз елінің белгілі тұлғаларын біліп, мақтан етуге тәрбиелеу. Іс-шара №15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп лицейінің 8 сынып оқушылының қатысуымен өтті. Шара барысында оқырмандарға суретшінің өмірбаяны, шығармашылығы, кинода ойнаған рольдері және марапаттары жайлы мағлұматтар беріліп, «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты слайд шолу таныстырылды. 1957 жылы түскен «Ботакөз» фильмінен үзінді көрсетілді. Шара соңында оқырмандар іс-шара бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Справочник Шымкента,