Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-01-15

Кемеңгер күйші

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында оқырмандардың жандүниесін байыту, музыка өнеріне баулу және рухани- эстетикалық тәрбие беру. Өнер арқылы ізгілікке, мәдениетке тарту және өнерді қадірлеуге, халықтың салт-дәстүрін, құрметтеуге тәрбиелеу, дүниетанымдарын кеңейту, күйші

таныстыру мақсатында күйші-сазгер Дәулеткерей Шығайұлының туғанына – 200 жыл толуына орай «Кемеңгер күйші» атты күй шашу іс-шарасы өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Дәулеткерей Шығайұлының өмірбаяны, шығармашылығын таныстырып, «Күй құдіреті» атты бейне роликті көрсетті. Сондай-ақ ОҚМУ-нің 1 курс студенті Әлім Нұртілеу Құрманғазының «Балбырауын», Мұрат Өскенбаевтың «Өрлеу», оқырмандарымыз №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушылары Дәулеткерейдің «Қосалқа», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», С. Тұрысбековтің «Көңіл толқыны», №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Оразалы Мирас «Көроғлы» күйілерін орындап, күйден шашу шашты. Шара соңында «Төре күйлерінің атасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқан балалар саны – 45.

Справочник Шымкента,