Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-01-22

«Жайсаң ғұмыр»

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Е.Жайсаңбаевтың туғанына – 80 жыл толуына орай «Жайсаң ғұмыр» атты кино шолу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға өмірден ерте өтсе де өнерде өшпес із қалдырған, сахнада сан түрлі рөлдерді еркін меңгерген, бесаспап шебер, М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрының тамаша актері,

еңбек сіңірген әртісі Е.Жайсаңбаевтың еңбек жолы мен шығармашылығын таныстыру. Оқырмандардың рухани жандүниесін байыту, мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерді сүюге баулу, кітапханаға кітап оқуға тарту және рухани-эстетикалық тәрбие беру. Шара барысында кітапханашы актер шығармашылығына арналған «Сахна бұланы» атты слайд шолу жасады. Е.Жайсаңбаевтың кино өнері саласындағы еңбегі мол. Ол «Қазақфильм» киностудиясымен қатар «Мосфильм» киностудиясында, сондай-ақ Кеңес Одағы республикаларының киностудиялары түсірген көркем фильмдерге де қатысқан. Бұл «Долана» фильміндегі Мәдібек рөлі, «Раушан-коммунист» фильміндегі Бәкен рөлі, «Бросок или все началос в субботу» фильміндегі Темірбек Сәрсенбаев. Фильмдерге шолу жасалып, үзінділер көрсетілді. Қатысқан балалар саны - 35.

Справочник Шымкента,