Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-11-26

Күзгі бал

Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес, жеткізетін мұратын. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын - деп бізде Күзгі балл өтті! Кітапхана жұмысы жанданып, оқырмандарға қызмет көрсету ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді.

Кітапханашы мамандығын таңдаған, өзі қалаған мамандығына құрмет пен сүйіспеншілікпен қарап, білімдерін жетілдіріп, заманауи технологияны да меңгеріп жас ұрпақ тәрбиесі мен кітап оқуға деген қабілетті дамытуда кітапханашылардың еңбегі зор. Осы орайда Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылар арасында «Күзгі бал» сайысы өтті. Қатысушы топтар білімдерін ортаға салып, шығармашылығын танытып, өнерлі де білімпаз әмбебап кітапханашы екендіктерін дәлелдеді. Сайыс болған соң жеңімпаздар болатыны сөзсіз. Біздің жеңімпаздар: I орын - Библиосуперстар тобы! II орын - Жалын тобы! III орын - Алтын қыздар тобы! Ынталандыру сыйлықтар: Интеллектуал кітапханашы - Ахлиукова Фаягель. Креативті кітапханашы – Тұрғынбаева Гүлзира. Медиамобильді кітапханашы – Мырзабаева Гульсана. Заманауи кітапханашы – Калменшеева Максима. Guick инфо кітапханашы – Салахутдинова Альфия ие болса, ал кітапхана ханшайымы атанған талантты, білімді, заманауи кітапханашы Сәбденқұлова Асия иеленді. Әріптестер марапаттарыңыз құтты болсын!

Справочник Шымкента,