Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-12-14

"ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ"

Төл тарихымыздағы жеті қырымызды қастерлеп, қазіргі заман талабына сай ұрпақ бойында таным-түсінік қалыптастыру, өскелең ұрпақтың ұлттық кодынан ажырамай, ата-баба тіршілігінің тамырлы философиясын ұғындыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ақылдым» журналымен бірлесіп ұйымдастырған "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" атты оқырман арасындағы эссе байқауы өз мәресіне жетті. Эссе байқауға облыс, қала көлеміндегі оқырмандар қатысты. Әділқазылар алқасы жан-жақты сараптай отырып әділ бағасын беріп, қатысушылар төмендегідей жүлделі орынға ие болды.

II – орын Шымкент қаласы №131жалпы орта мектебінің оқушысы Дүсен Нұрбақыт ие болса, III – орынды Түркістан облысы, Жетісай ауданының тумасы Еламан Перизат, Шымкент қаласы Ұлықбек атындағы №3 мектеп оқушысы Сайдганиева Дияра, Мұрат Лаура Шалқарқызы жеңіп алды. Ынталандыру сыйлығымен «Шежіре» үйірмесінің оқушысы Бакир Аяулым Түймебайқызы, Түркістан облысы Созақ ауданы Қызылкөл ауылының тумасы Тынысбек Ақнұр Ерғалиқызы, Түркістан облысы Монатайтас ауылының тумасы Пайлан Қасиет, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шанақ елді мекенінің тумасы Айсұлу Нышанбек марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!

Справочник Шымкента,