Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2021-01-13

Мерейлі жылдағы мақсатты міндеттер

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайы мен Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы 2021 жылдың негізгі атаулы даталары Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі, Балалар әдебиеті жылы, Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 60 жылдығына орай «Мерейлі жылдағы маңызды міндеттер»атты экспозиция-кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек Пірімбетұлы, өңіріміздегі балалар ақыны, «Алтын қалам» балалар шығармасы бойынша «Жылдың үздік жүлдегері» Танабаев Дәркен Өміртайұлы, «Қызмет» газетінің директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Динасилова Шарбану Альмаханбетқызы, Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасының директоры Парымбекова Закира Сембекқызы, журналист, ақын, «Шымкентім, шырайлым» республикалық әдеби-көркем альманағының бас редакторы Әбдісаттар Әліп қатысты. Көрменің тұсауын кітапхананың директоры Зоя Оралбайқызы мен құрметті қонақтар кесті. 2021 жылдың негізгі бағыттарының бірі және де Қазақ елінің ең өзекті аталып өтілетін атаулы оқиғасының бірі –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, белгілі қазақ халқынан шыққан халық ағартушысы, фольклорист, этнограф, ғалым, қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақ хрестоматиясының авторы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, Балалар әдебиеті жылына, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 60 жылдығына арнайы жасақталған экспозиция кітап көрмесіне кітапханашы А.Сабденкулова шолу жасады.

Сондай-ақ осы мерейлі жылмен тұспа тұс келіп отырған тарихты толғап, руханиятты насихаттап отырған Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлына сөз берді. Кеш қонақтары үшін кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Ізтай Нұртілеу және Барақ Нұрхан патриоттық әндер орындады. Іс-шара соңында Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының қызметкері ZOOM платформасы арқылы музей экспонаттарына онлайн саяхат жасады.

Справочник Шымкента,