Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-08

Ол күндер мәңгі есте сақталады

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 9 мамыр – жеңіс күніне орай «Ол күндер мәңгі есте сақталады» атты ертеңгілік сағаты өтті. Шараға А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп – гимназиясының 3 «г» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысының тарихымен, ержүрек батырларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Шара барысында А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп – гимназиясының 3 «г» сынып оқушылары «Ұлы жеңіс жасасын» атты әдеби композиция орындап, «Әлия», «Соғыстан қайтқан солдаттар» және «Журавли» әндерін хормен орындады. Сонымен қоса, 3 сынып оқушысы Мырзатай Дидардың орындауында «Соғыс – күйретуші күш» атты монологын оқыды. Аталған шара оқырмандардың орындауындағы «Бейбітшілік жасасын» атты хорымен ертеңгілік сағаты қорытындыланды.

Справочник Шымкента,