2019-05-13
Мәңгілік ел – мәңгі мұрат
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәңгі мұрат» атты патриоттық сағаты №29 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын
қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында белсенді оқырмандарымыз «Менің Отаным - Қазақстан» әдеби композицияны орындап, кітапханашы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оқырмандарға «Мәңгілік ел – болашақтың бағдары» атты бейнебаяны көрсетіліп, шара соңында «Елім менің» атты патриоттық әні орындалды. Шараға қатысқан оқырман саны – 32