Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-15

Жеткізсем деймін биікке, қазақтың қара баласын

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануына орай жас ақын Сүндет Мұратбекұлы Сейітовпен «Жеткізсем деймін биікке, қазақтың қара баласын» атты кездесу кеші №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп- лицейінің және №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп

гимназиясының оқушыларының қатысуымен өткізілді. Оқырмандарға жас ақын Сүндет Мұратбекұлы Сейітовтың өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылып, патриоттық рух беріп, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерге баулу және рухани – эстетикалық тәрбие беру мақсатында ақынның өмірбаянынан бейнеролик көрсетіліп, белсенді оқырмандарымыз Сырлыбай Ерсұлтан «Беу айдай» жырын, Исабек Рауан «Кербез керік» күйін орындап шықты. Сонымен қатар, оқырмандар жас ақынға сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Шара барысында ақын өз өлеңдерінен үзінді оқып, қазақтың «Бозінген», «Қазығұрттың қоңыры» күйлерін тартып, шара соңында шараға белсене қатысқан оқырмандар марапатталды.

Справочник Шымкента,