Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-20

Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жағдар» бағдарламалық мақаласы аясында «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы» атты интеллектуалдық сайыс №13 Мукуми атындағы жалпы орта мектебі және №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. «Қыран» және «Тұлпар» атты екі топтан құрылған интеллектуалдық сайыс 4 кезеңнен тұрды. І кезең «Таныстыру», яғни қатысушы екі топ өздерін таныстырды. ІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр», яғни екі топ мақал-мәтелдің жалғасын тауып және латын қаріпі бойынша жазды. ІІІ кезең «Білімді мыңды жығар», яғни берілген сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап берді.

ІV кезең «Кім зерек?», яғни екі топқа берілген «мейірімділік», «қайырымдылық» сөздерден қатысушылар сөз құрастырудан жарысты. Шара соңында «Тұлпар» тобы жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. Қатысқан оқырмандар саны –32

Справочник Шымкента,