Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-21

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» атты тәрбие сағаты № 1 А. С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып

оқушыларының қатысумен өткізілді. Мақсаты: Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» атты бейнеролик көрсетіліп, «Жемқорлық індет, жою міндет» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сондай-ақ оқырмандарымыз «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз ойларын жеткізді.

Справочник Шымкента,