Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-05-22

Қазақтың құлагер ақыны

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында ақын Ілияс Жансүгіровтің туылғанына – 125 толуына орай «Қазақтың құлагер ақыны» атты әдеби танымдық сағат №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Оқырмандарға ұлы ақын Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру мақсатында «Ақын өмірбаяны мен шығармашылығы» атты бейнеролик көрсетілді. Шара барысында белсенді оқырмандарымыз ақын поэмаларынан «Құлагер», «Күй», «Рүстем қырғыны» атты үзінділер оқып, «Туған жер» атты әдеби композицияны орындап шықты. Сондай-ақ, оқырмандарымыз ақын жайлы қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында белсенді оқырмандарымыз алғыс хаттарымен марапатталды. Қатысқан оқырмандар саны- 36

Справочник Шымкента,