Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-10-15

Болашақ түлегі ол ел тірегі

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Болашақ түлегі ол ел тірегі» жобасы аясында Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» стипендиясының стипендиаттарының төрағасы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлымен кездесу кеш Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта мектебінің және №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Елбасының бағдарламасындағы «Білімнің салтанат құруы» бағытына сәйкес болашақ бағдарламасы бойынша шет елде тәлім алып келген, өмір жолдары мен жетістіктерін үлгі ете отырып, болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, бүкіл әлемге Қазақстанды танытатын білімді де, білікті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету мақсатында кеш қонағы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара барысында кешіміздің кейіпкері жайлы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, Ерасыл Әшірбайұлы оқырмандарға өз жетістіктерін слайд арқылы таныстырып, шет елде алған білімімен бөлісті. Белсенді оқырмандарымыз кеш қонағына өздерінің сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Қатысқан оқырмандар саны – 47

Справочник Шымкента,