Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-10-25

«Руханиятымыздың алып бәйтеректері»

2015 жылдан бастау алған байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы облыстық байқау қазақ халқының жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғандарына – 125 жыл толуына және балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 95 жыл толуына орай Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2019 жылы 25 қазан күні Жастар ресурстық орталығында «Әлемді кітап арқылы танимын»

ең көп оқитын оқырмандар арасында «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқау өткізілді. Сарапшылар алқасының төрайымы: «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, мәдениет қайраткері, журналист, жазушы «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқау идеясының авторы Айдарбекова Күлия Смайылханқызы. Сарапшылар алқасының мүшелері: «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек Пірімбетұлы, Түркістан облысының мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің басшысы Эльдар Темірханұлы, балалар ақыны, «Алтын қалам» балалар шығармасы бойынша «Жылдың үздік жүлдегері» Танабаев Дәркен Өміртайұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Біржан Байтуов, «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының редакторы Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы. Байқауға облыс көлеміндегі оқырмандар арасынан 29 үміткер қатысып, сарапшылар алқасы байқауға қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударып, өнерін бағалап әділ бағасын беріп, қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.

Справочник Шымкента,