Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-07-16

Отбасы - бақыт мекені

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана жанындағы «Ақылды каникулдар» лагерінің бүлдіршіндерімен

«Отбасы - бақыт мекені» атты психологиялық-тренинг өтті. Мақсаты: отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, топта жақсы қарым – қатынас орнату, есте сақтауды, зейінді, ойлауды дамыту, балаларды жағымды эмоцияға қалыптастыру. Шара барысында кітапханашы шеңбер бойымен балаларды отырғызып, олардың көңіл-күйлерінің қандай екендігін біле отырып, шаттық шеңберін жасады. Шара жалғасын тауып кітапханашы бүлдіршіндерге «Отбасында баланы мектепке дайындау», «Мінез-құлық әліппесі», «Жақсыдан-үйрен, Жаманнан-жирен» атты кітаптармен таныстырып талқылады. Кітапханашы бүлдіршіндерге «Пішіндерді тап», «Құрастырма», ойындарын ойната отырып бүлдіршіндерге отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білді.

Справочник Шымкента,