Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-07-22

«Білгенді шындай түс»

Кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, іс-тәжірибе алмасуын, жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітапханада «Білгенді шындай түс» атты Аудандық, ауылдық, қалалық балалар

кітапханасының қызметкерлері үшін кәсіби шеберлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ж.Аманжолова бүгінгі күнде кітапханаларда оқырман белсенділігі мен мәдениетін арттыру бағыттында ең тиімдісі, дәстүрлі қызмет тәсілдермен қатар инновациялық жұмыс түрлерін қолдану мақсатында «Қазіргі кітапханадағы жаңа инновациялық шығармашылық жұмыс формалары» атты кеңес беріп, қызметкерлермен іс-тәжірибе алмасу мақсатында 100 кітап жобасы аясында брейн-ринг, адасқан шығармалар, BookВingo ойындарын, сонымен қатар, кітапхана ұжымының ерекшеліктерін зерттеу мақсатында сұрақ-жауап анкетасы арқылы, алты қалпақ ойыны арқылы қатысушылар кітапханадағы қақтығыстар туралы импровизация кеші ойнатылды. Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Г.Муратова «Құжаттарды есепке алу процесінде олардың қозғалыстарын (түсуі, шығуы) ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында кеңес, кітапхана қорының есебі дегеніміз не, жаңа кітаптар қайдан түседі, кітаптардың қордан шығарылуы және кітапхана қоры қозғалысының қорытындысы жайлы түсінік берілді. Сабақтың тақырыбына байланысты «Кім жылдам?» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, кітапханашылардан қанағаттанарлық жауаптар алынды. Маркетинг жөніндегі маман А.Сабденкулова балалардың кітапқа деген, қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін іс-шаралардың назар аударатын жаңа түрі Booktreiler Буктрейлер түсінігімен, пайда болу тарихымен таныстырып, оның жасалу жолдарын көрсете отырып, Американдық жазушы Кристин Фиханның «Темная симфония» және Джон Гриннің «Бумажные города» кітаптарына жасалған Booktreiler түрлерін көрсетті. Сонымен қатар оқырмандарды кітап оқуға құмарлықтарын арттыру мақсатында жазғы демалыс уақытында оқырмандарға арналған мектептен тыс бағдарлама бойынша «ВнеКЛАССНОЕчтение» атты кітап көрмесі, балалардың кітап оқу әдетін қалыптастыру, балалар мен олардың ата-аналарының жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Кітаппен өткен жаз қызық» бағдарламасы және «Ақылды каникулдар» лагері туралы айтып өтті.

Справочник Шымкента,