Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-08-27

Отбасы білім бастауы

Кітапханада өскелең ұрпақты мейірімділікке, бауырмалдыққа білімділікке, ата-анасын құрметтеп, сыйлай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар, ата-ананың мектеппен және кітапханамен байланысын нығайту

мақсатында «Отбасы білім бастауы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шара барысында отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас және отбасындағы тәлім-тәрбие туралы әңгіме өрбіді. Аталған шараға № 59 жалпы білім беретін орта мектептің 30 жылдық тәжірибесі бар бастауыш сынып мұғалімдері Өтеміс Гүлшаһар Заманханқызы және Налибаева Қарлығаш Қарамановна, REFRAME тұлғалық дамыту орталығының психолог маманы Ахмедова Гульзира Кобилбековна және зейнеткер ұстаз Тілеуқабылова Мамыркүл Елемесқызы сонымен қатар, Қазақстан журналистер және халықаралық жазушылар одағының мүшесі Көшербай Еділбай Шукіртайұлы ағамыз қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Справочник Шымкента,