Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2020-03-13

Ассамблея – келісім мен ізгіліктің символы

13 наурыз күні Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ассамблея – келісім мен ізгіліктің символы» атты ұлттық мәдениеттер фестивалі кітапханамыздың жалпы оқырмандарымен өтті.

Ұйымдастырылған шараның мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым–қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау. Қазақстан халқына деген сыйластықты, ұлттық қатынасты нығайту, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Библиограф Алмуратова М. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын әңгімелеп, оның қоғамдағы конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі рөлін бірлігі мен достығын айқындады. Қазақстан жеріндегі басқа ұлттардың мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен толеранттылық таныту негізінде қазақ, қырғыз, өзбек түрік тілдерінде ән шырқалып, би биленді. Сондай-ақ «Барлық ұлтқа ортақ үй – Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Фестиваль кітапханамыздың сүйікті оқырманына айналған Дидар Абзалұлының «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытыланды.

Справочник Шымкента,