Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Қала мен дала оқырмандары көркем әдебиетте» жобасы

          Жоба мақсаты: 

         ХХІ ғасыр – ғылым, білім, мәдениет ғасыры болғандықтан болашақ ұрпақтың білімді және мәдениетті болуын қалаймыз. Сондықтан да еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бірі – бала тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың білімін кеңейтіп, оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында жоба ұйымдастырылып отыр. Аудандық балалар кітапханаларының оқырмандарын  көркем әдеби кітаптарын  оқуға  баулу, оқуға деген ынтасын арттыру, жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітап оқу барысында балалар кейіпкерлер арқылы өз бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

       

 

Жоба міндеттері:

     Аудан кітапханаларымен бірлесе  отырып оқырмандардың бос   уақыттарын  тиімді өткізуіне бағытталған ағартушылық жұмыстарды      ұйымдастыру;

    

Оқымайтын балалар топтарын кітаппен қамту, оқуды белсенді дәріптеу;

Балалардың көркем әдебиетті оқуда көзқарасын өзгерту, көркем әдебиетті  оқу – бос уақытты ұйымдастырудың тиімді, пайдалы формасы екендігін түсіндіру;

Жас ұрпақты рухани адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі көркем  әдебиеттің  рөлін  көтеру;

Көркем әдебиетті оқу арқылы балалардың еркін ойлауына, көркем әдеби тілде сөйлеуіне, ой-өрісін дамытуға ықпал ету.

 

Тақырыптың өзектілігі: Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты -

жан-жақты сауатты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі егемен еліміздің болашағы, халық тағдырын шешетін азамат. Алайда қазіргі кезде оқырмандарымыздың  кітап оқумен тұрақты шұғылдануына кедергілер көбейді. Олар көбіне компьютерлік ойындар, интернет, теледидар көруді ұнатанады. Атақты ойшыл И. Бродскийдің «Егер бір адам оқымаса, ол оның өзінің жеке проблемасы, ал мыңдаған адамдар оқымаса, ол ұлттық трагедия» деген  қанатты сөзі  кітапханалық мінберлерден қайта-қайта айтылып жүр. Халқының рухани мұрасымен сусындап өскен бала рухани кемел, саналы, ой-өрісі кең болып қана қоймайды, мейірімді болып өседі. Өйткені, көркем дүниелер, көркем шығармалар тек қана адамгершілік рухани өнегелікті, инабаттылықты паш етеді.

 

Негіздеме: Балаларды тәрбиелеудің негізгі бөлігі олардың кітап оқуына басшылық ету болып табылады. Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, кітапханаға келген оқырмандар санын анықтау мақсатын көздейді.

 

Жобаны жүзеге асыру аудандық балалар кітапханаларымен:

 

         -   Сарыағаш аудандық балалар кітапханасы;

Сайрам аудандық балалар кітапханасы;

Ордабасы аудандық балалар кітапханасы;

Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы;

Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы;

Отырар аудандық балалар кітапханасы.

Жоба мазмұны:

 

І-кезең – ұйымдастыру

 

Аудан кітапханашыларымен жұмысты бірге ұйымдастыру.

Олармен байланыс орнату.

          ІІ-кезең:

     Балалармен жұмыс жасауға арналған көркем әдебиеттерді, әдістемелік құралдарды, оқулықтарды таңдау.

 

          Жобаның іске асыру әдістері:

         

Дебат.

Танымдық сағат.

Үзіліспен оқу.

Пікір алысу.

Кездесу кеш.

Әдеби кеш.

Жоба шеңберінде жасалған жұмыстарға қорытынды жасау.

 

      Кітапхана қоғам назарын ерекше балалардың проблемаларына аударып, өз тәжірибесімен бөлісіп, көркем әдебиетті дәріптеу мақсатындағы өткізілген іс-шаралар бойынша видеоматериалдар, фотоқұжаттар, суреттерді жинақтауды жоспарлап отыр.  

Күтілетін нәтижелер:

 

. Аудандық балалар кітапханаларының оқырмандарын көркем әдебиетті оқу машығына, оқу дәстүріне тәрбиеленуі;

. Оқуға деген қызығушылықтарының артуы;

. Көркемдеп сөйлеудің амал-тәсілдерін     игеруі;

. Кітапханаға оқырмандардың тартылуы;

. Кітап берілімінің өсуі;

. Қордың мардымды өсуі.

 

         Жобаның қорытындысы баспасөз беттерінде, кітапхана сайттарында, интернет жілілерінде  «Yоu Tube», «Instagram», «Facebook» жарияланады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2016-2017ж.ж.

    

           Жұмыстың мазмұны:

 

 

   №

Өткізілетін іс-шараның  тақырыбы

Түрі

Қатысатын оқырмандар

Өткізіле-тін орны

Мерзімі

Жауаптылар

1    1

 

«Ғаламтор  және оқырман»

 

Дебат

 

Жалпы оқырман

Сарыағаш аудандық балалар  кітапхана-сы

2016ж.

І

тоқсан

ақпан

Алущеева Ш. А.

Аманжолова Ж.Ж.

 

2    2

«Көркем әдебиет әлеміне қанат жайған оқырман»

Танымдық

 сағат

Жалпы оқырман

Сайрам аудандық балалар  кітапхана-сы

2016ж.

І

тоқсан

наурыз

Алущеева Ш. А.

Аманжолова Ж.Ж.

 

      3

Бейбіт Сарыбай

 

«Мейірім»

Үзіліспен оқу

Жалпы оқырман

Ордабасы аудандық балалар  кітапхана-сы

2016ж.

ІІ

тоқсан

сәуір

Алущеева Ш. А.

Аманжолова Ж.Ж.

 

      4

«Отбасымен бірге оқимыз»

Пікір

 алысу

Жалпы оқырман

Қазығұрт аудандық балалар  кітапхана-сы

2016ж.

ІІ

тоқсан

мамыр

Алущеева Ш. А.

Аманжолова Ж.Ж.

 

      5

«Кітапхананың озық оқырманы»

Кездесу

кеш

Жалпы оқырман

Бәйдібек аудандық балалар  кітапхана-сы

2016ж.

ІІІ

тоқсан

қыркүйек

Алущеева Ш. А.

Аманжолова Ж.Ж.

 

      6

«Кел жастар оқылық»

Әдеби

кеш

Жалпы оқырман

Отырар аудандық балалар  кітапхана-сы

2016ж.

ІV

тоқсан

қазан

Алущеева Ш. А.

Аманжолова Ж.Ж.

 

Справочник Шымкента,