Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Балалардың қызығушылығы әлем ертегілерінде»  жобасы

Ы.Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» - деп атап айтқан.

«Балалардың қызығушылығы әлем ертегілерінде» жобасы – жыл бойы қала және аудан, ауыл оқырмандарына кітап оқу мәселесіне атсалысу мақсатында түрлі іс-шаралар аясында жұмысты ұйымдастыру.

Жобаның мақсаты: Әлем халық ертегілері арқылы ауылдық және аудандық елді мекендердегі балалардың қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейту.

Жоба міндеттері:

Балаларға өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және рухани мәдениетін дәріптеу;

Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;

Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту;

Ертегінің төрінде жатқан маңызды ақпараттарды баланың санасына енгізу;

Жақсы мен жаманды ажырата отырып, қаталдықпен жауыздықты жеңу жолдарын үйрету.

Тақырыптың өзектілігі:

Ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да, біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Негіздеме: Жоғарыда атап өткендей, балалар білімді, тәрбиені ертегіден, яғни кітап оқудан алады, ал кітап оқу арқылы білім шыңына қол жеткізеді. Елбасымыздың осыған байланысты білім туралы көптеген нақыл сөздері бар, ал соның ішіндегі «тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді» - деген ұлт көшбасшысының қанатты сөзі барша кітапхана қызметкерлерінің көкейінде қалып, өмірлік ұстанымына айналған.

Жобаның мазмұны:

Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау;

Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануда «Егер де мен..» стратегиясын қолдану. Бұл стратегия бйынша көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып, ойлауына мүмкіндік береді;

Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады;

Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады;

Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын нотаның дыбысталу арқылы қайталайды.

Жобаның іске асыру әдістері:

Жедел сұрақ-жауап сағаты;

Ертегілерден үзінді оқу;

Ертегі кейіпкерлерінің шоуы;

Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

Басқа ұлт өкілдерінің ертегі кітаптарын дәріптеу сабағы.

Жобаның серіктестіктері:

Аудандық, ауылдық, қалалық балалар кітапханалары.

Жобаның іске асыру мерзімі: 2016 ж.

Күтілетін болжамды нәтижелері:

Балалардың танымдық қабілеттерінің кеңеюі;

Есте сақтау және шығармашылықтарының дамуы;

Өзге ұлт өкілдерімен балалардың етене араласып, достық қарым-қатынаста болуы;

Балалардың ертегі әлеміне деген қызығушылықтары артып, бос уақытын кітап оқумен өткізуі.

 Жоспары:

Жұмыстың мазмұны

Түрі

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Кім көп біледі, Хан сарайына кіреді»

зейінді дамыту ойыны

II тоқсан

 

0-4 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі ҚБК, АБК мен бірлесе

2

«Ормандағы таңғажайып оқиға»

әлем ертегілерін жаңа үлгіде сахналау

II тоқсан

 

-//-

3

«Ертегілер де біздің қонақтар»

әдеби театр

III тоқсан

-//-

4

«Ертегі деген әлем бар...»

слайд-шоу

III тоқсан

-//-

5

«Егер де мен..»

стратегия бойынша ой қозғау

III тоқсан

-//-

6

«Ертегі – достықты жыр етеді»

көңілді тапқырлар клубы

IV тоқсан

-//-

7

Ертегілер не деген ғаламат!

сурет салу жарысы

 

IV тоқсан

 

-//-

Справочник Шымкента,