Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Бір ел – бір кітап» - 2007

Абай Құнанбаев  «Қара сөздер»

Республика көлемінде «Бір ел – бір кітап» атты рухани маңызы зор акция өткізілді. Жалпы қоғамдағы кітапқа деген ықыласты жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған аталмыш акцияны 24-30 – қыркүйек аралығында ел болып атап өттік. Осыған орай кітапханада апталық ұйымдастырылып, соның бірі «Парасаттың падишасы - қара сөз» атты ой-талас қаламыздағы №7, 15, 65, 69 мектептердің 7-11 сыныптары аралығында қызу талқылана өтті. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» әдеби-сазды композиция, «Абайды оқы, таңырқа» атты дауыстап оқу байқауы, «Абай жаңа, қайта оқысаң қанша рет» поэзия сағаты көпшілік көкейінен шықты. «Алтын күз», «Осень-краса» сахналық көрінісіне қатысушылар ұлы ақын шығармаларындағы тамаша табиғат сұлулығын сөз етті. №7 және №20 мектептердің оқушылары Абайдың жыл мезгілдері жайлы жазған өлеңдерін оқыды. Ән-күйден шашу шашты. «Ғұлама ойдың тәлімдік танымы» ретро-премьера ақынның қара сөздеріне арналды. №69 мектептің шәкірттері мақал айтумен қатар, викториналық сұрақтарға жауап беріп, талдау жасады. Апталық аясында «Абай тұтас бір әлем» атты әдеби портрет кешін, «Сөз құдіреті» атты әңгімелесу мен «Дала данасының қара сөздері» атты қорытынды байқау өтті. «Ұрпағына аманат – сөз қалдырған саралап. Слова Абая – кладезь мудрости» атты арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде кітапхана қорындағы Абай әлемін бейнелейтін барлық құжаттар мен әдеиеттер қойылды. Кітап көрмесінің төрінен орын алған А. Құнанбаевтың 1961 жылы ҚМ «Көркем әдебиет баспасынан» шыққан «Шығармаларының бір томдық толық жинағы» кітабының өзі оқырмандардың ерекше қызығушылығына ие болды. Кітап көрмесінің ажарын «Елорда баспасы» шығарған түрлі-түсті көрнекі «Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы», «Ұлылар мекені», «Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі» сияқты кітаптар мен «Абай елі» альбом-шежіресі аша түсті.

 

2008 – М. Әуезов «Қилы заман»

Таңдауға түскен М. Әуезовтың «Қилы заман» хикаятты бойынша дәріптеу, насихаттау жұмыстары облыстағы барлық балалар кітапханаларында өзекті орын алды. Акция шеңберіндегі «Әлем таныған М.Әуезов», «Жазушының өшпес мәңгі мұрасы», «Величие таланта М.Ауезова» тақырыптарындағы әдеби-сағаттармен талқылау кештері Кентау, Төлеби, Арыс, Сайрам АБК-да белсенділікпен өткізілді. Отырар АБК-да ұйымдастырылған «Қилы заман – тағлым» атты әдеби талдау кешіне 9 сынып оқырмандары мен қатар тарих және әдебиет мұалімдері де белсене ат салысты.                

                                    Іс-шара бағдарламасында:

                                                      1. Ұлылыққа тағзым – әдеби ақпараттық естелік

                                                      2. Талант. Тағдыр. Туынды. – әдеби композиция.

                                                                                                   3. «Қилы заман» тағлым – әдеби талдау болды.

Тақырыпқа орай арнайы көрме жасалынып, шолу өткізілді. «Талғам биігіндегі – тарих шығарма» атты талқылау кеші қала мектептерінің арасында да кеңінен өріс алды. Кешке арнайы шақырылған мамандар сұрақ-жауап арқылы қатысушылармен пікірлесе отырып «Қилы заман» хикаятының бүгінгі таңдағы маңыздылығы мен өзектілігін оқырмандарға түсіндіре білді. Қаладағы балалар бөлімшелерінің ұйымдастырумен өткізілген бұл іс-шара қала өмірінде елеулі оқиғаға айналды. Жалпы  «Бір ел – бір кітап» акциясын төртінші билік өкілдері де кеңінен дәріптеді.

 

2009 – М. Жұмабаев «Жан сөзі»

Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұйғарымымен 2009 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясының қазақ поэзиясының пайғамбары атанған Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» кітабы таңдауға түсті. Бұл іс-шара облыстағы барлық аудандардың балалар кітапханаларында өзекті орын алды. «Ақын өлсе, артында жыры қалар» тақырыптық дайджест папка, «Тағдыры қиын талант» жұлдызды қазына, «Мағжанның мәңгілік мұрасы. Поэтическое слово Магжана» кеңейтілген кітап көрмесі, «Мен, Мағжанмен мақтанам» поэзия сағаты, «Нам нужно учиться  у Магжана» атты түрлі іс-шаралар Арыс, Отырар, Түркістан, Сайрам және Шымкент ҚОБК мен АБК-ында ұйымдастырылды. Созақ АБК-да «Қазақта Мағжан атты болған ақын» тақырыбында ақпарат көрмесі жасалынды. Көрменің мақсаты – жас оқырмандарға ақын шығармаларын насихаттау, олардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрмеге Мағжан шығармаларымен қоса мерзімді басылымдар да қатар қойылды. М.Жұмабаевтың «Жан сөзі» кітабы бойынша «Мағжан танымы-қазақ әлемі» атты поэзия сағаты өткізілді. Тақырыпқа сай атты кітап көрмесі жасалынып, арнайы ұйымдастырылған «Оқып, өз ойымды айтамын» атты поштаға оқырмандар өз көзқарасын білдіріп жатты. Кеш соңы 7-9 сынып оқушыларының «Сен сұлу», «Сүйемін» өлеңдерін оқумен аяқталды. Төлеби АБК-да «Мен жастарға сенемін» тақырыбында әдеби портреттік кеш өткізілді. Кешке ауылдық кітапханашылар, мектеп мұғалімдері және жас оқырмандар қатысты. Кеш барысында Мағжанның патриоттық бағыттағы өлеңдері төңірегіндегі әңгіме кеңінен қозғалды. Іс-шараға  57 оқырман тартылды. Бәйдібек АБК-ның ұйымдастырумен өткізілген «Ұлтын сүйген ақын» атты әдеби кеште де М.Жұмабаевтың патриоттық бағыттағы шығармашылығы сараланды. Арнайы шақырылған әдебиет пәнінің мұғалімі Мағжантану саласындағы шығармашылық зерттеулерін ортаға салды. Аудандық мәдениет үйінің әншілері Мағжан әндерін шырқап, «Батыр Баян» поэмасынан сахналық көрініс көрсетті.

 

2010 – Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын»

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Бір ел – бір кітап» акциясының ашылу салтанаты 24 қыркүйек күні өткізілді. Акцияның таңдауына түскен Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы іс-шараның өзегі болды. Іс-шараға қаламыздағы №18, 29 мектептің 7-8 сынып оқушылары және С. Рахимов атындағы әскери-мектеп оқушылары, қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында акцияның шығу тарихы мен оның мақсаты түсіндіріліп, 90 жасқа толып отырған ақын  Ж. Молдағалиевтің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы толық мәліметтер берілді. С. Рахимов атындағы әскери-мектептің оқушылары поэмадан үзінді оқып, қазіргі таңдағы әнші Ерболаттың орындауындағы ақын Жұбан Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі көрсетілді. Ал, қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары ақын шығармаларынан әдеби композиция орындап, патриот  ақынның туған жеріне арнап жазған «Еділ мен Жайық» әні орындалды. Тақырып аясында ұйымдастырылған «Мен қазақпын мың өліп, мы тірілген» атты кеңейтілген кітап көрмесіне ақынның шығармалары мен өмірі туралы құжаттар қойылды.

 

2011 – Ж. Аймауытов «Ақбілек»

Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясына алаштың ардақты ұлы – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдап алынды.  ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанырында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айырықша орын алды. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әебиетінің жаңа деңгейге шығуына мол еңбек сіңірді. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын дәріптеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар «Өз дәуірінің шебер жазушысы» әдеби бет, «Оқу – ақыл тілегі, Сүю – сезім тілегі» поэзия сағаты, «Вне времени его романа» әдеби портрет, «Әйел теңсіздігінің бейнесі – Ақбілек» пікірталас кеші, «Тағдыр диірменнің талқан бейнесі» шығармашылық кеші өтті.

 

2012 – О. Бөкей  «Қайдасың, қасқа құлыным»

2012 жылы Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында таңдау жазушы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» кітабына тоқталды. Осыған орай кітапханада «Әдебиетке өз өрнегімен келген жазушы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Өр Алтайдың өрлі жазушысы» атты слайд шоу көрсетіліп, «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесіндегі кейіпкерлерге №44, 60 мектеп оқушыларының қатысуымен талдау жасалынды. Оқырмандар шығармаға деген өз ойларын бөлісіп, пікір алмасты. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек түсіндіріп, «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің мазмұнын оқырмандарға жеткізу еді. Әңгіме тақырыбының идеясын анықтай отырып, кейіпкерлеріне талдау жасап, оқушының шығармаға деген өз ойын, пікірін бөлісу, шығармашылық қабілетін дамыту еді. Жазушының шығармасын оқыта отырып, оқушыларды адал достыққа, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу болды.

 

2013 – Ф. Оңғарсынова «Дауа»

7 наурыз күні кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясына орай «Өлең мен сені аялап өтем!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырман қауымға жалпыға бірдей оқуға ұсынылған Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабын қызығушылықпен оқуға, өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге жазушы Фариза Оңғарсынованың көптеген шығармалары, суреттері, өмірбаяны, мерзімді басылымдар да жарық көрген мақалалары қойылды.

 2014 - Сайын Мұратбеков "Жусан иісі"

         24 сәуір күні кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясына орай Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіне орай «Сымбаты бөлек сырлы сөз иесі» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: оқырмандарға Қазақстанның көрнекті қаламгері С. Мұратбековтың шығармашылығымен таныстыру. Мұратбековтың шығармалары арқылы жас ұрпақты ерлікке, туған жерді, адамзатты сүюге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу. Қаламгердің «Жусан иісі» әңгімесін оқырмандарға насихаттау. Іс-шараға № 50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының 6 «г» сынып және № 7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейінің 6 «ж» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы А. Әзімбекова «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы айтып, белсенді оқырмандарымыз қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. «Сайын даланың Сайыны» атты слайдқа шолу жасалды. Кітапханамыздың белсенді оқырмандары «Жусан иісі» атты көрініс көрсетті. Оқушылар «Ой қозғау» атты ситуациялық , «Ойлан тап» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. «Әдебиет әлемінің абызы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

2015 -  Ілияс Есенберлин «Кошпенділер»

      2015 жылы республикалық  «Бір ел бір – кітап» акциясына белгілі қазақ  жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Ілияс Есенберлиннің «Кошпенділер» трилогиясы таңдалды. Осыған орай кітапханада   «Тарихи шығармалар көшбасшысы» атты  кеңейтілген  кітап көрмесі  ұйымдастырлып, «Қазақ хандығының жаршысы» атты есімнама папкасы ашылып, «Ізінен аңыз ерген қаламгер» атты ақпарат күні өткізілді.Сондай іс – шараның бірі І.Есенберлиннің  шығармашылығына арналған «Асыл сөздің алдаспаны» атты оқырмандар арасында әңгіме өткізілді. Шара барысында қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті  мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгердің еңбектері мен шығармашылығы жайлы видеоролик және «Көшпенділер» фильмінен үзінділер көрсетілді. Оқырмандарымыз да өз кезегінде «Бір ел – бір кітап» акциясы, Қазақ хандығының – 550 жылдығы, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы жайында пікір алмасты.                    

 2016 -  Дулат Бабатайұлының шығармалары

      2016 жылы Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында таңдау көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларына тоқталды. Осыған орай, кітапханада «Назар аудар! «Бір ел – бір кітап» акциясы-2016» көрнекі жедел ақпарат, «Ұлттың ұлы жыршысы» көрме-ангажемент, «Жырын тыңда Дулаттың» жадынама, «Тұнық жырдың тұмасы» әдістемелік-библиографиялық құрал, «Бүкіл ел болып оқимыз!» тақырыптық папка ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін Дулат Бабатайұлының шығармаларын насихаттау мақсатында ісшаралар жалғасын табатын болады.      

2017 -  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары

 

           Құрамында Қазақстан кітапханаларының басшылары болған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен және Қазақстан Республикасының кітапқұмарлары арасында кітапханалар жүргізген сауалнама нәтижелерін сараптай келе, 2017 жылы жалпыға бірдей оқуға қазақ әдебиеті тарихына белгілі ақын, ХІХ ғасырдың көрнекті тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды.      

           14 наурыз күні кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы  аясында «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз» атты танымдық сағат №8, 50 мектептің 5-9 сынып  оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында ақынға арнау өлеңмен басталып, «Ақын есімі ел есінде» атты өмір тарихынан бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» атты әдеби композиция орындалып, «Бір адамға» атты өлеңінің шығу тарихынан көрініс көрсетілді. Белсенді оқырмандарымыз «Сылқым қыз» күйін шертіп,  С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығынан құрастырылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын» атты көрме-ангажемент ұйымдастырылды.  

2018 - Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары

              «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынған болатын. Олар Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары. Осыған орай кітапханада «Рух пен намыс төресі» көрме-суаре, «Шәкәрім шыңы», «Ұшқан ұя» әдеби кештер, «Ұрпақ рухы шыңдайтын кейіпкер» атты Немат Келімбетовке арналған  танымдық сағаттар өткізіліп, «Қазақ әдебиетінің сөнбес жұлдыздары» әдістемелік – библиографиялық құрал шығарылды.

2019 - Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері  Әбіш Кекілбаевтің туылғанына – 80 жыл толуына орай өтетін «Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты пікір алмасу кеші Қазақстанның «Бәйтерек» зияткерлік мектебі мен №39 жалпы орта мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Оқырмандарды жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің  өмірі мен шығармаларын таныстыру, «Аңыздың ақыры» атты романын оқуға шақыру,  шығармаларын  оқу арқылы идеясын ұғындыру,  татулыққа, ізденімпаздыққа, достыққа, сыйластыққа, мейірімділікке шақыру. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында «Әбіш аға, Абыз аға» атты және өзі сөйлеген сұхбаттарынан бейнеролик көрсетіліп, жазушының кітаптарынан жасалған «Ғасыр кемеңгері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара барысында белсенді оқырмандарымыз Әбіш Кекілбаевтің өлеңдерінен әдеби композиция орындап, жазушының «Аңыздың ақыры» атты романынан үзінді көрініс көрсетіп, осы романының мазмұны жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Оқырмандарымыз өздерінің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  жазушының шығармаларымен танысып, ойларына түйіп, біліп, оқып шыққандарын білдірді және жазушы жайлы сұрақтарға белсенді жауап берді. Шара соңында белсенді оқырмандарымыз алғыс хаттарымен марапатталды. 

 

"Одна страна- одна книга"2007

 Абай Кунанбаев «слова назидания»

Была проведена наполненная духовными ценностями  акция республиканского масштаба под названием « «Единая страна- Единая книга».

В целях повышения интереса к книгам в социуме , была проведена акция совместно организованная с 24 по 30 сентября.

В связи с этим организованный мозговой-штурм под названием «Царица мастерства- слова назидания» среди учеников  7-11 классы городских школ №7, 15, 65, 69 был проведен в бурном обсуждении.

Литературно-музыкальная композиция «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», конкурс выразительного чтения «Абайды оқы, таңырқа» , час поэзии «Абай жаңа, қайта оқысаң қанша рет» впечатлило аудиторию.

Участники сценического представления «Алтын күз», «Осень-краса» рассказали про красоту природы описанную в произведениях великого поэта. Ученики № 7 и №20 школы прочитали произведения Абая про времена года. Исполнили множество песен и кюйев. Ретро- премьера «Ғұлама ойдың тәлімдік танымы» была посвящена словам назидания поэта.

2008- М.Ауезова  под названием «Қилы заман»

Среди выбранных приключений М.Ауезова  под названием «Қилы заман» были  проведены мероприятия по его пропаганде и прославлению во всех детских библиотеках области.

В рамках акции по темам  «Әлем таныған М.Әуезов»,  «Жазушының өшпес мәңгі мұрасы», «Величие таланта М.Ауезова»  были активно проведены литературные часы и вечера обсуждения в Кентауской, Толебийской, Арысской, в Сайрамской детских районных библиотеках.

 .«Қилы заман – тағлым», в которой активно участвовали читатели 9 класса и преподаватели истории и литературы вечер литературной дискуссии  под названием  детской районной библиотеке Организованный в Отырарской

По программе мероприятия

1. «Ұлылыққа тағзым» – литературно - информационное памятное воспоминание.                                                                                                                    

2. «Талант. Тағдыр. Туынды.» – литературная композиция

3. «Қилы заман – тағлым» - проведена литературная дискуссия

Связано с темой была проведена выставка и выполнен обзор.

Прошел  в широком масштабе вечер дискуссии под названием  «Талғам биігіндегі – тарих шығарма» среди городских школ.

Приглашенные специалисты вечера по средством вопросов и ответов дискуссировали с участниками о приключении «Қилы заман»,

объяснив его  значимость и актуальность.

Проведенного организацией детских отделений в городе, это мероприятие стало значительным событием в жизни города. 

Всеобщую акцию «Бір ел – бір кітап»  также широко прославили представители четвертой власти.

2009 – М. Жұмабаев «Жан сөзі»

По инициативе республиканского организационного комитета в 2009 году на акции «Бір ел – бір кітап»   была выбрана книга пророка казахской поэзии»  Магжана Жумабаева  «Жан сөзі».

Это мероприятие заняло актульное положение среди всех районных детских библиотек области.Тематическая дайджест папка «Ақын өлсе, артында жыры қалар»,звездоносное сокровище «Тағдыры қиын талант» являются вечным наследием Магжана.

Расширенная выставка «Поэтическое слово Магжана» ,поэтический час «Мен, Мағжанмен мақтанам», «Мен, Мағжанмен мақтанам» и многие другие мероприятия были организованы в Арыси, Отырар, Түркестан, Сайрам , также в областной детской библиотеке и районной детской билиотеке.(РДБ)

В Созакском РДБ на тему «Қазақта Мағжан атты болған ақын»  была подготовлена информационная выставка.

Цель выставки – пропагандировать молодым читателям произведения поэта, преумножить   их любовь к поэзии

На выставке, наряду с произведениями Магжана Жумабаева были выставлены периодические издания. 

По книге М.Жумабаева «Жан сөзі» был проведен вечер поэзии под названием «Мағжан танымы-қазақ әлемі».

Проведя книжную выставку согласно тематике, читатели выражали свои взгляды в специально организованную почту «Оқып, өз ойымды айтамын».

 Вечер был заверешен чтением стихотворений учеников 7-9 классы «Сен сұлу», «Сүйемін».

В Толебийском РДБ был проведен литературный вечер-портрет на тему «Мен жастарға сенемін».

Участниками вечера были библиотекари, школьные учителя и молодые читатели.

В ходе вечера были обширно затронуты стихи Магжана патриотической направленности.

 На мероприятие были привлечены 57 читателей.

  Вечер под названием «Ұлтын сүйген ақын» ,организованный Байдибекским РДБ  также был направлен на произведения Жумабаева патриотического характера.

Специально приглашенный преподаватель литературы поделился исследованиями в области Магжана-ведения.

Солисты районного дома культуры исполняли песни Магжана жумабаева , показали сценку отрывка из поэмы «Батыр Баян».

2010 – Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын»

 Церемония открытия акции «Бір ел – бір кітап», организованной на республиканском уровне состоялась 24 сентября.

Отобранная акцией поэма Ж.Молдагалиева «Мен қазақпын» была основой мероприятия .

В мероприятии приняли участие ученики 7 по 8  классы городской школы №18, 29, также ученики военной школы имени С.Рахимова ,ученики городского центра детей и подростков.

В ходе мероприятия были изложены история создания и цели акции,также были предоставлены сведения о биографии и творчестве акына Молдагалиева,которому исполнилось 90 лет.

Ученики  военной школы имени С.Рахимова прочитав отрывок поэмы,показали видеоклип современного певца Ерболата на песню «Мен қазақпын»,слова которой были написаны Жубаном Молдагалиевым.

 А ученики городского центра детей и подростков исполнили композицию из творчества акына и исполнили  патриотическую песню «Еділ мен Жайық»,посвященную родине акына.

     В рамках темы была организованна  расширенная книжная выставка на которой были выставлены материалы творчества и жизни акына под названием «Мен қазақпын мың өліп, мы тірілген».

2011 – Ж. Аймауытов «Ақбілек»

 В этом году для акции «Бір ел – бір кітап» был выбран роман «Ақбілек»,написанный бесценным потомком алаша Жусипбек Аймауытов.

В начале XX века продуктивно написавший труды во всех жанрах национальной литературы, входящий в ряды писателей как прозаик,драматург,переводчик, критик и публицист Жусупбек Аймауытов занимает особое место.

Написав произведения разнообразного жанра,он способствовал выходу казахской литературы на новый уровень.

Были проведены мероприятия по пропаганде  романа «Ақбілек» Ж.Аймауытова.

Были проведены: литературный вечер под названием «Өз дәуірінің шебер жазушысы»,час поэзии «Оқу – ақыл тілегі, Сүю – сезім тілегі»,литературный портрет «Вне времени его романа»,вечер дискуссии «Әйел теңсіздігінің бейнесі – Ақбілек»,творческий вечер «Өз дәуірінің шебер жазушысы» . 

2012 – О. Бөкей  «Қайдасың, қасқа құлыным»

В 2012 году республиканская акция «Бір ел - бір кітап» остановила свой выбор на книге Оралхана Бокея «Қайдасың, қасқа құлыным».

В связи с этим в библиотеке было организованно мероприятие под названием «Әдебиетке өз өрнегімен келген жазушы».

В ходе мероприятия был представлен слайд-шоу под названием «Өр Алтайдың өрлі жазушысы», при участии учеников  школы  №44, 60 были проанализированы   персонажи повести «Қайдасың, қасқа құлыным».Читатели поделились мнениями и мыслями о произведении писателя.

Цель мероприятия : донести до читателей о жизни, о глубоком понимании творчества Оралхана Бокея,о содержании повести «Қайдасың, қасқа құлыным».

Определив идею тематики данного произведения, проанализировав героев,  поделившись  мыслями и мнениями о творчестве,развить  творческие способности читателей

Познакомив с творчеством писателя, воспитание учеников верной дружбе,нравственности, почтению к старшим.

2013 – Ф. Оңғарсынова «Дауа»

7 марта в библиотеке в честь акции «Бір ел - бір кітап» была организованна книжная выставка под названием «Өлең мен сені аялап өтем!». 

Цель: повысить интерес к чтению лирического стихотворения «Дауа» Фаризы Онгарсыновой представленной  аудитории читателей для общего чтения  , ознакомить с биографией и творчеким путём,преумножить интерес к чтению книг.

На выставке были представлены множество произведений,картин,периодических изданий и биография Ф.Онгарсыновой.

2014 - Сайын Мұратбеков "Жусан иісі"

24 апреля в библиотеке по акции «Бір ел – бір кітап» был проведен литературный вечер под названием «Сымбаты бөлек сырлы сөз иесі»  по произведению С.Муратбекова «Жусан иісі».

Цель: знакомство читателей с творчеством  видного казахстанского писателя С.Муратбекова.Произведения Муратбекова позволяют  воспитать подрастающее поколение к смелости,к патриотизму,нравственности , к дружбе.Пропаганда читателям рассказа писателя   «Жусан иісі».

В мероприятии участвовали ученики 6 «г »класса школы-гимназии № 50 имени А.Байтурсынова и ученики 6 «ж» класса школы- лицея №7 имени К.Спатаева. 

Библиотекарь Азимбекова  рассказав про акцию «Бір ел – бір кітап»,повествовала нашим активным читателям про жизнь и творчество писателя.

Сделан обзор слайда под названием «Сайын даланың Сайыны».

Активные участники нашей библиотеке показали сценку «Жусан иісі».

Ученики отвечали на ситуационные вопросы «Ой қозғау» , и на вопросы викторины  «Ойлан тап». Был выполнен обзор на книжную выставку «Әдебиет әлемінің абызы».

2015 -  Ілияс Есенберлин «Кошпенділер»

      На республиканской акции «Бір ел бір – кітап» 2015- го года,была выбрана  трилогия «Кошпенділер» автором которой является известный казахский писатель , лауреат премии Государственной Казахской Советской Социалистической Республики Ильяс Есенберлин.

«Қазақ хандығының жаршысы»,«Тарихи шығармалар көшбасшысы»,создана именая папка названная В связи с этим в библиотеке была организована расширенная книжная выставка под названием

Одно из подобных мероприятий было посвященно творчеству Есенберлина,где была проведена беседа среди читателей  на тему  «Асыл сөздің алдаспаны».

«Көшпенділер». Во время мероприятия была красноречиво описана многовековая история казахского народа ,были показаны видеоролики о трудах и творчестве писателей внесших несоизмеримый вклад в казахскую литературу и культуру,также отрывок фильма

 В свою очередь наши читатели обменялись мнениями об акции «Бір ел – бір кітап»,о 550 – летии казахского ханства,о книге И.Есенберлина «Көшпенділер».

2016 -  Дулат Бабатайұлының шығармалары

      На республиканской акции «Бір ел - бір кітап» в 2016 году,выбор был остановлен на творчестве известного акына Дулата Бабатайұлы.

В связи с этим , «Назар аудар! «Бір ел – бір кітап» акциясы-2016» наглядная срочная информация, выставка - ангажемент «Ұлттың ұлы жыршысы», памятка «Жырын тыңда Дулаттың», методико-библиографическое пособие «Тұнық жырдың тұмасы», тематическая папка «Бүкіл ел болып оқимыз!» были организованы в библиотеке.

Мероприятия будут продолжаться до конца года, с целью пропаганды произведений Дулата Бабатайулы.

2017 -  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары   

Решением Комитета организации  республиканской акции «Бір ел – бір кітап» , в составе которой были руководители библиотек Казахстана и по результатам опроса среди любителей книг Республики Казахстан , в 2017 году были выбраны произведения известного акына для всеобщего прочтения истории казахской литературы, поэта,  выдающейся личности XIX века Султанмахмута Торайгырова.

14 марта в библиотеке в рамках акции «Бір ел – бір кітап» прошёл час познания №8 под названием «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз» при участии учеников 5-9 классы 50-й школы.

Мероприятие началось с посвящения стихотворения автору ,был показан видеоролик  из истории жизни на тему  «Ақын есімі ел есінде». На ряду с ними была исполнена литературная композиция «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған», был показан ролик об истории возникновения песни «Бір адамға».

Наши активные читатели исполнив кюй «Сылқым қыз»,ответили на вопросы викторины о жизни и творчестве Торайгырова.

В завершении мероприятия была организована выставка-ангажемент названная «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын».

2018 - Произведения Шакарима Кудайбердиева

              В этом году по республиканской акции «Одна страна - одна книга - 2018» были отобраны три книги. Это «Сочинения» Шакарима Кудайбердиева, книга Немата Келимбетова «Я не хочу терять надежду» и книга Бауыржана Момышулы «Покинутое гнездо». В связи с этим в библиотеке были проведены познавательный час «Символ духа и чести», посвященный Немату Келимбетову, литературные вечера «Пик Шакарима», «Покинутое гнездо», «Герой поколения», издан методико-библиографический указатель «Звезды казахской литературы».

2019 - Роман Абиша Кекилбаева "Конец легенды"

В рамках акции «Одна страна - одна книга» в областной детской библиотеке имени И. Алтынсарина состоялось мероприятие, посвященное 80-летию со дня рождения Героя Труда, народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии Республики Казахстан, классика казахской литературы, выдающегося государственного и общественного деятеля Абиша Кекилбаева. Мероприятие прошло с участием казахстанской интеллектуальной школы «Байтерек» и учащихся средней школы №39. Цель мероприятия: ознакомление с  жизнью и творчеством писателя, общественного деятеля Абиша Кекилбаева, продвижение романа «Конец легенды». В ходе мероприятия была представлена компьютерная презентация «Абиш-ага, Аймен Ага» с интервью о жизни и творчестве писателя, оформлена книжная выставка «Ғасыр кемеңгері». Читатели исполнили отрывки из произведения Абиша Кекилбаева и представили свои комментарии к содержанию этого романа.  В конце мероприятия самые активные ребята были награждены благодарственными письмами.

 

Справочник Шымкента,