Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-06-01

Бала күлкісі – әлемнің көркі

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Абай саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке ата-аналар, бүлдіршіндер қатысты. Мақсаты: Ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Мерекелік кеш

барысында жүргізуші А.Сабденкулова жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен барша балақайларды құттықтау үшін сөз кезегін Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры З.О.Бегежановаға берді. Мерекені тойлау үшін сайқымазақтар келіп, балалармен қызықты да тартымды ойындар ойнады. Сонымен бірге ертегілер елінен тазша бала қонаққа келіп, ертегілер елінен әкелген хаттарын оқып, «Бұл не?» блиц-ойынын ойнатып, белсене қатысқан балаларға сыйлықтар таратты. Жүргізуші ертегілер елінің ханшайымы балаларды үнемі бақылап жүретіні, балалардың ертегілер тыңдағанды жақсы көретінін білетіні және ертегілерді естеріне түсіруге шақыратыны жайында жазылған ертегілер елінінің ханшайымы жіберген хатты балаларға оқып берді және үйін безендірмекші болған қоянның шарларын топтастыра алмай жатқанын көріп, балаларды қоянға шарларды түсіне, көлеміне қарай топтастыру үшін «Шарларды топтастыр» ойынын ойнауға шақырды. Мерекелік кеш жалғасын тауып, орыс ертегісінен Алтын балық келіп, «По дорогам сказок» атты ертегілер викторинасын ойнатты. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен сиқырлы «Чунга-чанга» аралынан келген қонақпен «Чунга-чанга» биін биледі. Мерекелік кештің соңында күлімдеп Буратино келді. Буратино балаларға мерекеге байланысты суреттер салдырды және балаларға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілей отырып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін бірге шырқады.

Справочник Шымкента,