Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-06-03

Кітап – ғасыр мұрасы

Шымкент қаласының «Экологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Кітап – ғасыр мұрасы» атты шоу-викторина өтті. Шоу-викторинаға Экологиялық орталығының «Жасыл әлем-2019» жазғы сауықтыру алаңының қатысушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға білімнің сарқылмас рухани қазына кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Шоу-викторина барысында кітапханашы А.Сабденкулова «Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл» деген кітап патшалығының даналық сөзін негізге ала отырып, шоу-викторинаның «Ертегісіз – әлемде шындық болмайды», «Классика – барлық бастамалардың бастауы», «Мектеп уақыты» атты үш бөлімнен тұратынын айтып өтті. «Жасыл әлем-2019» жазғы сауықтыру алаңының қатысушылары тақырып пен кітап нөмірін таңдап алып, таңдалған кітаптан кітапханашы үзінді оқыды. Үзіндіні мұқият тыңдаған қатысушы дұрыс жауабын табуға тырысты. Шоу-викторинаға белсене қатысып, көбірек дұрыс жауап берген қатысушы алғыс хатпен марапатталды.

Справочник Шымкента,