Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-09-18

Өмірім - өнер, өнерім – өмір ұққанға

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ҚР Еңбек сіңірген әртісі О. Рахымовтың туылғанына – 80 жыл толуына орай «Театр тарланы» атты еске алу кеші өтті. Мақсаты: Оқырмандарға сексен жылдан аса тарихы бар оңтүстіктің «ата театрына» айналған Шымкет қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ошат Рахымовтың өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру. Оқырмандардың рухани жандүниесін байыту, театр өнерін, мәдениетімізді, әдебиетімізді, өнерімізді сүюге баулу, кітапханаға кітап оқуға тарту және рухани- эстетикалық тәрбие беру. Кеш қонақтары болып: Ошат Рахымұлының жолдасы С. Байдаулетов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М. Ілиясқар, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері С.Өтемісов, ҚР Мәдениет қайраткерлері А. Жұмабекова, Г. Еспай, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Р.Салова және театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбекқызы қатысты. Шара барысында кітапхана қызметкері оқырмандарға Ошат Рахымұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Өмірім - өнер, өнерім – өмір ұққанға» атты слайдты таныстырып,

М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері қонақтарымыздың құрметіне арнап ән орындады. Іс-шараны ары қарай театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбекқызы жүргізіп отырды. Өз кезегінде қонақтарымыз сөз алып, театр майталманы жайлы естеліктер айтып, сахналық қойылымдар қойды. Кеш соңында оқырмандар қонақтармен бірге естелікке суретке түсті.

Справочник Шымкента,