Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-11-29

Ел бастайтын Елбасы

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 1- Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ел бастайтын Елбасы» атты патриоттық сағаты болып өтті. Аталған шараға Қазығұрт атындағы №66 жалпы орта мектебінің 4 «ғ» сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: 1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып – өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін, қалыптастыру. Шара барысында: «Биікке бастаған парасат» атты Елбасының балалық кездерін еске алатын және Н. Назарбаевтың отбасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Кітапханашы «Ел басы – ел тірегі» атты кітап көрмесімен Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасады.Оқушылар тұңғыш президент күніне арналған жыр тақпақтары мен Отан, туған жер жайлы әдеби композицияларын орындады. Қазығұрт атындағы №66 жалпы орта мектебінің 4 «ғ» сынып оқушысы мерекеге байланысты Аббас Назымның орындауында «Нұраға» әні мен «Жаса қазақстан» әні орындалды. Шара соңында сұрақ – жауаппен қорытыланды. Қатысқан оқырман саны – 27.

Справочник Шымкента,