Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-11-29

Елбасы — елдің тірегі!

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күніне орай қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқырмандар бойында елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында «Елбасы — елдің тірегі!» атты патриоттық сағат өткізілді. Патриоттық сағатымыз ҚР әнұранымен басталды. Іс-шара барысында оқырмандарға елбасы жайында слайд көрсетіліп, қызықты деректер айтылды. Сонымен қатар оқушылар еліміз, Елбасы, Астана туралы тақпақтар оқып, ән салды. Шара соңында белсенділік танытқан оқырмандар кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды. Қатысқан балалар саны – 41.

Справочник Шымкента,