Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

2019-11-29

Елбасы – Елбағы

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне «Елбасы – Елбағы» атты танымдық кеш өтті. Танымдық кешке А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының, ұстаздары мен 8-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір жолы, қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси құқықтық мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне бет түзеген ірі оқиғаның бастамасы – 1991 жылдың 1-желтоқсанында өткен Тұңғыш Президенттің тұңғыш бүкілхалықтық сайлауы еді. Жаңа дәстүр жарыққа келіп, Тұңғыш Президент күні бүкілхалықтық мереке болып тұрмысымызға енді. Біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы теңдік пен Тәуелсіздіктің туын тікті, әлемдік қауымға терезесі тең, еңсесі биік қазақ ордасын құрды. Осы оқиғалардың арқасында Тәуелсіз Қазақстанды төрткүл дүниеге алып та айбынды мемлекет екендігін мойындата білді. Соның айғағы ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасында Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымыздың өмір жолын, ерен еңбегін, қайраткерлік қасиетін бағалайтын А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларымен «Елбасы – Елбағы» атты танымдық кеш өтті. Танымдық кеші кітапханашы А.Сабденкулова кіріспе сөз сөйлеп, оқушылар Тұңғыш Президентіміз жайында өлеңдер оқып, «Елім менің», «Үшқоңыр» әндері орындалып әсерлі өтті. Және де «Егер де мен Елбасы болсам...» тақырыбында оқушылар пікір алмасты.

Справочник Шымкента,